14.01.2022, 14:30
Оқылды: 47

Аумақтық сайлау комиссиясының кезектен тыс жиыны өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Раздольное ауылдық округі әкімі өз еркімен қызметін тоқтатуына байланысты Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кезектен тыс жиыны өтті.

15

Басқосуға Бәйтерек аудандық аумақтық бақылау комисиясының төрағасы Радик Ихласов, төраға орынбасары Бекет Нығметов және хатшы Гүлдана Ғұбашева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева, ардагерлер кеңесінің мүшесі Николай Анципрович пен комиссия мүшелері және аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында сөз тізгіндеген аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов, басқосу мақсатын түсіндіріп, комиссия шешіміне тоқталды

-Құрметті комиссия мүшелері, өздеріңізге де белгілі ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні Раздольное ауылдық округі әкімі денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылған болатын. Соған байланысты біздер аумақтық сайау комиссиясы бір айдың ішінде сайлауды тағайындауымыз керек.

Барлық сайлау шаралары ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сай өткізілуі қажет. Барлығыңызды белсенділік танытып, өз үлестеріңізді қосуға шақырамын,- деді Радик Мақсотұлы.

Сонымен қатар жиында сайлау өткізу тәртібі мен дауыс берушілердің құқықтары жайлы сөз болды. Сайлау жайлы ақпаратпен тұрғындарды құлағдар етіп, қоғамдағы позициясын сақтай отыра дауыс беруге шақырды.

16

Комиссия шешімімен ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)- тармақшасына, 113-1-бабының  1-тармағы 2)- тармақшасына және 3-тармағына сәйкес Раздольное ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылдың 13 ақпанына тағайындалды.

Сайлау әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары талданып, шешім жайлы ақпаратты аудан әкімдігінің интернет ресурстары мен баспасөз беттерінде жариялау тапсырылды.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале