9.03.2024, 11:00
Оқылды: 74

Әуре-сарсаңға түсетін кез келді...

Көктемгі қарбаласты шақ жақындап келеді. Осы қарсаңда халыққа жыл сайын қауіп төндіріп, әуре-сарсаңға салатын, талайларды сан соқтырып, зыр жүгіртетін су тасқынының алдын алу шаралары қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің біріне айналатыны белгілі. Көктемгі су тасқынына қарсы шаралар уақытында қолға алынады.

FB_IMG_1709906823706

Биыл да Жәнібек ауданында арнайы штаб құрылып, су алып кету қаупі бар аймақтарға баса назар аударылып отыр. Аудан әкімі Тимур Шиниязовтың бұл бойынша атқарып жатқан жұмыстарын газетіміздің әлеуметтік желілерінен һәм газет бетінен көріп, оқып отырсыз. Аудан басшысы ауыл-аймақтарды аралап, су басу қаупі бар ауылдардың дайындығын алға қойып отыр.

FB_IMG_1709906821581

Осы орайда ол кеше Қамысты ауылында болып, сондағы дайындықты көріп келді. Аталған ауылдық округтің әкімі Нұрлан Аюпов құм салынған қаптарды көрсетіп, су жүретін құбырлардың тазалығына көз жеткізді.

FB_IMG_1709906826447

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале