Сұлулықтың символы гүл болса, сұлулықты жанына жақын көрмейтін адам жоқ шығар?! Алуан түскен боялып, жұпар иісі аңқитын гүлді сыйға алғанның өзі қандай керемет!

Казталов ауданы орталығындағы аурухананың кіреберісінен бастап, ішкі беттегі әрбір орындық айналасы, адам көп шоғырланған жерлер мен даңғыл жолдың бойына қызылды-жасылды гүлдер егілген. Бір гүл баққа кіргендей әсер аласыз. Бұл биыл ғана егілген гүлдер емес. Аурухана ауласы жылма-жыл гүлмен көмкеріледі.
Көргенде көздің жауын алатын осы әдемілікті жасап жүрген де – осы аурухананың қызметкерлері екенін біреу білсе, біреу білмес. Аурухана ауласын гүлзарға айналдырған қызметкерлер Венера Құлтаева мен Айгүл Сұлтанова атап өтпесек дұрыс болмас. Иә, бұл нәзік жандардың еңбегі көпке үлгі. Аудан орталығындағы әрбір мекемені гүлмен көмкерсе артық болмас еді.
Нұр Рахман
Казталов ауданы