11.06.2024, 11:15
Оқылды: 38

«Аурухананың ауласын жасыл желекке айналдырғым келеді» – Нұрлан Құсайынов

Қазақта «Артымнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөз бар. Әрине, бұл сөздердің астында қаншама мағына, тәрбие жатыр. Бүгінде Казталов аудандық ауруханасының аумағына әр түрлі жеміс ағаштарын егіп, жасыл желекке айналдыру жұмысы жүріп жатыр. Аулада отырғызылған теректер мәуелі шыбыққа айналып, науқас жандарға тыныштық сыйлары сөзсіз.

D57BA156-529D-41BB-AF1E-56FF6CA5758E

Әдемілікті көзбен көру мақсатында ауруханаға арнайы барып, осы жұмыстың басы-қасында жүрген аурухананың шаруашылық меңгерушісі Нұрлан Құсайыновпен әңгімелестік.

– Бау-бақшамызға екі өрік, төрт алмұрт, бір шабдалы, тоғыз алма, ерекше қамқорлықпен екі шырша ағаштары және қызыл-сары қызанақтар, қияр, асқабақ отырғызылды. Көктемде егілген алма, алмұрт ағаштары бүршік жарып, жемісін берді. Алма ағашымыз былтырғы жылмен салыстырғанда көбірек гүл атып, тек үш ағаш жемісін беруде. Себебі, қалған алма ағаштары ауа райының қолайсыздығынан үсіп кеткен болатын. Ал өзгелері ағаштар келесі жылы жемісін береді деген ойдамыз. Сонымен қатар, бақшада өскен аскөк, қызыл бұрыштарды қосып ас дайындалады. Ауладағы егілген теректер мен көкөністердің жайқалып баққа айналуы үшін ерекше қамқорлық пен күтім қажет. Әрине, аптасына жеміс ағаштарын бір рет, көкіністер мен хош иіс аңқыған гүлдерді күнде суарып отырамыз. Айта кету керек, гүл қораптары мен велотұрақ менің қиялымнан туындаған дүние.

927E0EA4-20F1-4A77-9435-AD8903DD0EBC

Менің мақсатым – аурухананың ауласын жасыл желекке айналдырып, жайқалған бақ еміне шипа іздеп келген жандарға жағымды көңіл-күй сыйлап, ерекше әсер қалдыру. Міне, осындай игі істер жаныма рахат сыйлайды, - деп сөзін аяқтады ол.

0AEBEC72-E102-4F7E-8A29-9B4BC4D18331

Аурухананың ауласында жайқалған жасыл теректер адам еңсесін тіктеп, бойға күш қуат берері сөзсіз.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале