15.01.2026, 15:30
Оқылды: 347

«Ауыл айнасы» — 95 жыл: Газет жанашырлары марапат төрінде

Тоқсан бес жыл – бір адамның ғұмырына татитын, ал бір басылым үшін тұтас бір дәуірдің шежіресі. Осы уақыт ішінде «Ауыл айнасы» газеті елмен бірге жасап, халықтың үнін жеткізген, қоғамның айнасына айналған төл басылым болды. Дегенмен, оқырманның қолдауы мен жанашыр жандардың сенімінсіз бірде-бір газет ғасырға жуық ғұмыр кеше алмас еді.

WhatsApp Image 2026-01-15 at 15.30.57

Төл басылымның 95 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған салтанатты шарада газет жанашырлары марапат төрінен көрінді.

Мерекелік жиынға қатысқан «Жайық пресс» медиа холдингінің бас директорының кеңесшісі Тоқтар Ғабдрешұлы Кенжеғалиев басылымдарды қолдап, тұрақты серіктестік танытып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.

«Жайық пресс» ЖШС басшысының алғыс хатымен мерзімді баспасөзге жазылу науқанында заңды тұлғалар арасында жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Хамитқызы Даулетова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы Жангереева марапатталды.
Сондай-ақ мерзімді баспасөзге жазылуды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Эльдар Талғатұлы Аманғалиев, Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Сағидоллаұлы Ғұбашев алғыс хатқа ие болды.
«Орал өңірі» газетіне қызметкерлердің жазылымын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Казталов аудандық ауруханасының директоры Руслан Амангелдіұлы Ахметжанов пен Казталов аудандық №2 ауруханасының директоры Надежда Владимирқызы Васильева да марапатталды.
Ал республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің алғыс хаты аталған басылымға қызметкерлердің жазылымын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Сәкен Сәлімжанұлы Ищановқа және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Хабибуллаұлы Құмарғалиевке табысталды.
Газетке қолдау білдіріп, ұлттық баспасөздің дамуына үлес қосып жүрген барша жанашыр жандарға алғыс білдірілді.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале