15.01.2026, 9:15
Оқылды: 180

«Ауыл айнасы» — 95 жыл:  Торқалы той басталды

Бүгін – Казталов ауданының рухани өміріндегі айрықша күн.

IMG_2186

1930 жылы «Төңкеріс жолы» атауымен жарық көріп, кейіннен «Ауыл айнасы» деген қасиетті атқа ие болған аудандық қоғамдық-саяси газетке биыл 95 жыл толып отыр. Сонымен қатар Жалпақтал өңірінің төл басылымының жарық көргеніне 90 жыл. 1997 жылы екі аудан біріктірілген тұста қос газеттің де тағдыры бір арнаға тоғысып, елге қалтқысыз қызмет етудің жаңа кезеңі басталған болатын.

Торқалы тойға ғасырға жуық тарихы бар басылымда әр жылдары еңбек етіп, журналистиканың ауыр да абыройлы жүгін арқалаған қаламгерлер мен ардагерлер жиналуда.

IMG_2189

Салтанатты шараға алыстан ат терлетіп келген қонақтарды Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қарсы алды. Қонақтарға қазақы дәстүрмен бауырсақ пен ақ ұсынылып, олардың құрметіне әсем ән шырқалды.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале