Кезінде Казталов ауданының өркендеп дамуына үлес қосып, бүгінгі таңда Орал қаласында тұрып жатқан ауданымыздың бір топ еңбек ардагеріне жүрегі жомарт жеке кәсіпкеріміз, «Губашева.С.К» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Светлана Ғұбашева тосын сый жасап, аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетіне жаздырды.
Енді алдағы уақытта аудан тынысымен тұрақты танысып отыратын кешегі құрметті ардагерлеріміздің қатары тағы да 19 адаммен толығатын болды. Үлкенге ізет көрсетуде өзгелерге үлгі бола білген қолы ашық жерлесіміз Светлана Қабылхайырқызына еңбек ардагерлері шынайы алғысын білдірді.
Қыдыр Харесұлы