19.07.2021, 10:55
Оқылды: 23

Ауыл әкімдеріне нақты іс тән

Ауыл округтерінде 25 шілдеде өтетін сайлауға қатысуды әркім қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанының айғағы екендігін түсінгені дұрыс.

DD53B942-17C4-49A2-8877-ABC0AC1D82D3

Партиямыздан сайлауға түсіп жатқан және өзін-өзі ұсынған үміткерлер туралы үгіт-насихат жұмыстарын әртүрлі әдістермен кеңірек жүргізу тиімді.

Ұсынылған және өзін-өзі ұсынған үміткерлеріміз округ тұрғындарымен қоян-қолтық жұмыс жасай ала ма? Олардың өмір жолдары өзгертілген сайлау заңына сәйкес келе ме? Нақты түсіндіру қажет. Олар халық алдына шығып, округтің мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіпкерлердің қолдауымен өткен жылдары істелмеген жұмыстарды «фотоесепсіз» шынайы қалай орындауға болатыны туралы нақтылы бағдарламасын ұсынса. Сондай-ақ, халқымыздың қазіргі кезде Үкіметке ұсынып отырған бизнеске кедергілерді жою, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, тұрмысы төмен отбасыларға көмектесу бағытында қалай жұмыстанады және қолдайтындарды, көмектесетіндерді айқындау бағытында жасалатын жұмыстарын үміткерлер нақтылы көрсететінін сайлауға дейін тұрғындарға нақты жеткізсе, халықтың сайлауға қатысуына себепші болады ма деп ойлаймын.

Үміткерлерге сәттілік тілеймін.

Мәулен Қожахметов,

Қаратөбе ауданы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале