Ашық диалог форматында өткен кездесуді мәдениет қызметкерлері ұйымдастырды. Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Бүгін Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Байтенова ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Жастар күніне орай ауыл жастарымен кездесіп, еркін форматта әңгіме жүргізді. Кездесуге ауылдың белсенді жастары, жас мамандар мен жұмыссыз жүрген жастар да келді.
Қоғамның басты қозғаушы күші жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жүзеге асқан жұмыстар туралы пікірлерімен бөлісті. Ашық, еркін форматта өткен кездесуде округ әкіміне жастар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алды.
- Біздің халқымыз “Ақыл жастан...» деп әрдайым жастарға үлкен сенім артып, олардың алғы күндерге деген ұмтылыстарына қанат бітіріп, қолдап отырған. Еліміздің тәуелсіздік жылдары ішінде де көптеген бағдарламалар жастардың бүгінгі күн мен болашаққа сеніммен қарауына және жан-жақты жарасымды жетілуіне кең жол ашты. Ел абыройын асқақтататын да, тәуелсіздікті тұғырлы ететін де – жастар, - деді өз сөзінде округ әкімі.
Алмагүл Имашева,
Ақбұлақ ауылдық мәдениет үйінің директоры
Шыңғырлау ауданы