Таңмен басталған ауыл әкімін сайлауға өз таңдауларын жасауға келген тұрғындардың қарасы көбеюде. Соның бірі – Жалпақтал ауылының сыйлы тұрғыны Баян Қабиева.
- Бүгінгі ауыл әкімін сайлауда Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің тұрғындары белсенді қатысып жатыр екен. Отбасы күні сайлауға отбасымызбен келіп дауыс беріп жатырмыз. Бізбен бірге бірлігі жарасқан көршілеріміз де дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Ауылымыз жаңарып, жасарып, көркейе берсін. Оған ауылдастары сайлауда таңдау жасаған болашақ әкіміміз үлкен үлес қосады деп сенеміз, - деп тілегін арнады.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz