4.12.2023, 17:56
Оқылды: 45

«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, өз ісін бастады

Қазіргі күнде қаладағы шулы тірлігін ауылға айырбастаған азаматтарды күнде көрмейміз. Қайта урбанизация шырмауына ілігіп, қалаға кеткендердің қарасы аз болғанымен тиылмай тұр. Оны халық санына көз жіберіп байқауға болады.

IMG20231130163504

Жуырда Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұловпен бірге Жаңажол ауылдық округіне бардық. Сол жерде «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсібін бастап жатқан ауыл тұрғындарының тірліктерімен танысудың сәті түсті. Округ әкімі Арман Алдабергенов бағдарламаның орындалуы барысы туралы айта келіп, Жаңажол ауылының шет жағында тұратын етті және сүтті бағыттағы ірі қара малын сатып алып, өз шаруасын бастап жатқан Әнуар Жұмагединнің үйіне бастап барды.

IMG20231130163508

Округ әкімінің айтуынша, бұл азамат былтыр қаладан ауылға көшіп келіп үй салған. Ал биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, өз ісін бастап жатыр екен. Ауыл шетіндегі тың жерден үй-жай салған азаматтың қорасына кіріп, аталмыш бағдарлама арқылы сатып алған малдарын көрдік, өзімен тілдестік.

—Өзім осы жердің тумасымын. Кезінде ата-анамызбен бірге қалаға көштік. Сол жерде тіршілік қылдық. Дегенмен әркез туған ауылымызға келіп жүрдік. Бұрынғыдай емес соңғы жылдары ауылдағы ағайынның тұрмысы түзеліп, малдың да саны көбейді. Мал баққан ауылдастардың да әл-ауқаты өсуде. Біз де қабырғамызбен ақылдаса келе «Ауылға көшеміз» деп бел будық.

Былтыр көшіп келіп жер алдық, үй салдық. Биыл «Ауыл аманаты» жобасына қатыстық. Несиеге алған қаражатқа 15 қашар сатып алдық. Жаймен кәсібімізді бастап жатырмыз.

Ауылдан қалаға көшкен жерлестеріме айтарым: «Ауылға қайтып келіп, кәсіп бастаңыз, далада қалмайсыз!» Мемлекеттен қолдау бар, - дейді кейіпкеріміз.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале