10.08.2022, 15:15
Оқылды: 28

«Ауыл аманаты» кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мүмкіндік

Жуырда «AMANAT» партиясы мен Үкімет бірлесе жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасы Казталов ауданында жалғасты.

20220808061107_IMG_4935

Аталған жоба аясындағы ұйымдастырылған арнайы марафонда аманаттықтар 179 аудандағы 394 елді мекенге баруды жоспарлаған болса, 8 тамыз күні ауданымыздың Жалпақтал және Бостандық ауылдық округтерінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастырды. Ал жобаның мақсаты ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауылдық округ әкімдерін өндірістік дағдыларға үйрету.

20220808082128_IMG_4955

Сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бекітілген «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» аясында ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2.5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке рәсімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Бұл туралы қос ауылдық округтің тұрғындарына партияның мобильді топ құрамындағы ««Ұлы дала» Ауыл бизнесін дамыту ассосациясы» РҚБ-ның тренерлері мен эксперттері Амандық Абуов, Назгүл Шарафетдинова, Асқар Имағанбетов, Зүлфия Көбеева, Динара Сүйінішқалиева егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Жобаның ауылдық жерлерде кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуға, тұрғындардың табысын арттыруға, жұмыссыздықты азайтуға тигізер септігі мол. 40 күнге созылған марафон аясындағы ауданымызда өткен кездесуге 50-ден астам тұрғын қатысты. Жиын барысында аудан тұрғындары қайтарымсыз гранттар, несиелер және «Ауыл аманаты» жобасының маңыздылығы мен мүмкіндігі хақында сұрақтарын қойып, жауап алды. Сонымен қатар, ауылда кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамытуға арналған жобалар жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері халыққа жобаның тетіктері мен маңызын атап өтті.

«Ауыл аманаты» жобасы жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында ««Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассосациясы» эксперттерінен қраған мобильді топ ауылдар мен елді мекендерде түсіндіру жұмыстрын жүргізудеміз. Бұл жобаның ең негізгі ерекшелігі 2.5 пайыз жылдық мөлшерлемемен ауылдың тұрғындарына кәсіпкерлікті дамыту үшін несиенің ұсынылуы. Сонымен қатар, жоба бойынша несие алған азамат 24 ай көлемінде берешегін төлеу жауапкершілігінен босатылып, 24 айдан кейін ай сайынғы төлем жасап отырады. Сондай-ақ несие алуға кез келген мүлікті кепілге қою мүмкіндігі бар. Жоба бойынша түсіндіру жұмысын 28 шілде күні Маңғыстау облысынан бастаған болатынбыз. Байқағанымыз кейбір облыстарда ауыз су тапшылығы мәселесі күн тәртібінде тұрған болса, Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздық мәселесі жиі орын алатындығына куә болдық, - дейді ««Ұлы дала» Ауыл бизнесін дамыту ассосациясы» РҚБ-ның сарапшысы Амандық Абуов.

Кездесулерден соң аудан тұрғындары ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің жеке қабылдауларында болып, өз мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале