27.06.2024, 17:21
Оқылды: 164

«Ауыл аманаты» шаруаларға серпін берді – Теректі ауданының әкімі

Ауыл кәсіпкерлерін қолдайтын «Ауыл аманаты» бағдарламасы Теректі ауданының тұрғындары үшін ең маңызды бастамаларды жүзеге асыруға үлкен серпін беріп отыр. Мәселен, 2023 жылы 117 адам өз бизнесін дамытуға 738 млн теңге несие алған болатын. Олар 798 бас ірі қара мал, 715 бас ұсақ мал сатып алды. Сонымен қатар өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында 16 кәсіпкерлік қызмет субъектісі мен 125 жаңа жұмыс орны ашылды.

DDCD9F92-D16B-47A4-8096-57D4D45D5F42

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингіне қатысқан Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанованың айтуынша, қазіргі уақытта атаулы бағдарлама бойынша 63 өтінім берілген, соның ішінде 8 қарыз алушы 38 млн теңге несие алып, өз бизнес жобаларын іске асыруға кірісті.

Сайып келгенде, көптеген ауыл тұрғыны өз ісін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алды.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале