Жәнібек ауданына облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов пен «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ержан Досмақов жұмыс сапарымен келді.
Алдымен Ержан Нұржанұлы «Аида» сауда орталығындағы наубайхана мен жиһаз залында, «Аяжан» сауда орталығындағы жиһаз залында, «Ермеғалиева» жеке кәсіпкерлігіндегі наубайханада және «Асылан» жеке кәсіпкерлігінің жем сақтайтын қоймасында болып, олардың жұмыс барысымен танысты.
Кейін аудан әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен жиын өтіп, оған ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары, кейбір шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
Жиында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев хабарлама жасады.
Облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ержан Досмақов «Ауыл аманаты» жобасы және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыс жөнінде нақты мысалдар келтіре отырып, кеңінен түсінік берді.
Аталған жобаға қатысты жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Асқар Құсайынов,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz