28.02.2024, 0:00
Оқылды: 72

«Ауыл аманаты» жобасы: Теректі ауданында облыстық көшпелі отырыс өтті

Теректі ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыстық көшпелі отырыс өтті. Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін бағдарлама жайын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған басқосуға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, «Aqjaiyq» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Қазбек Ұзықанов, облыстық мәслихат депутаты Сержан Идиятов, аудандық мәслихат деутаттары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

аа

Жүздесу барысында бағдарлама бойынша түсінік берген Алдияр Сансызбайұлы:

- Мемлекет «Ауыл аманаты» бағдарламасын ауыл тұрғындары үшін тиімді етіп шығарған. Жерлестеріміз жылжымайтын мүлікті кепілге қоя отырып, төмен пайызбен несие ала алады. Облыс көлемінде биыл ғана іске асып жатқан пилоттық жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ол жұмыспен қамту, табыс табудың жаңа мүмкіндіктерін берумен қатар өңірлік деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерінің де шешімін тапты, - деп атқарылып жатқан жоба жайында сөз қозғады.

Облыс әкімінің кеңесшісі «Ауыл аманаты» бойынша баяндап болған соң, ауылдық округ әкімдері сұрақтарын қойып, жобаның ережесінің кейбір бөлімдеріне енгізілуі қажет өзгерістер жайында мәлімдеді. Тұрғындарға тиімсіз тұстарын да тәптіштеп айтып берді.

аа 1

Жиын барысында сөз алған Қазбек Ұзықанов округ әкімдерінің сауалдарына толық жауап беріп, жобаның ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде мағлұмат берді. Облыс депутаты Сержан Серікұлы осындай жобалардың шет елдерде ұйымдастырылу жайын айтып, идеясымен бөлісті.

аа 3

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Әлия Биғазықызы әріптестерінің пікірлерімен толық келісетінін айтты. Оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Теректі ауданының барлық ауылдық округтері бойынша 80 адам жобаға қатысуға ниет білдірген екен.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале