1.09.2022, 17:55
Оқылды: 49

«Ауыл аманаты» жобасы халыққа жол тартты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын және халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын орындау мақсатында «AMANAT» партиясы жанынан «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды.

5

Жуырда «Ауыл аманаты» жобасының мобильдік тобы Тасқала ауданында болып, Ақтау және Тасқала ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, жобаның мақсат-міндеттерін түсіндірді. Және жобаның жүзеге асу кезеңдеріне тоқталып өтті. Жиын барысында топ мүшелері «Ауыл аманаты» жобасы аясында еліміздегі әр ауылда, әр отбасында сауалнама жүргізу арқылы статистикалық ақпарат алынып, ауылдарда жүргізілген скининг арқылы әр елді мекеннің географиялық ерекшелігі, жердің, судың жай-күйі, еңбек және қаржылық, өзгеде ресурстары жөнінде сандық көрсеткіштері жиналатынын атап өтті. Сонымен қатар ауылдық округтердің экономикалық мамандануына сәйкес тиісті әдістемелік көмек көрсетілетінін атап өтті.

Атап кетсек, жобаның негізгі мақсаты болып ауылдық округ тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру болып табылады. Бұл жобаның артықшылығы – 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру секілді жеңілдіктер қарастырылуда. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптарын алды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале