24.01.2024, 17:30
Оқылды: 73

«Ауыл аманатының» жаңа бағыты қандай?

Шыңғырлау ауданына облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов және «Ақжайық» АӨК-нің басқарма басшысы Ержан Досмақов қызметтік сапармен келді.

IMG_20240124_170245

Өкілетті қонақтар аудан кәсіпкерлерімен, ауыл әкімдері және тұрғындармен кездесті.

Күн тәртібінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеріп, ауылдағы бизнесті дамытуға арналған үлкен қолдау - «Ауыл аманаты» бағдарламасының 2024 жылға арналған бағыты мен ережелеріндегі жаңа өзгерістер таныстырылды.

IMG_20240124_170303

Келген қонақтар биылғы ереже бойынша ауыл тұрғындарының бизнес бастау мүмкіндігі, несие пайыздары, өндірістік кооперативтерге бірігудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері, лизингке техника алу жайы туралы нақты түсініктер берді.
Жиын барысында кәсіпкерлер, ауыл әкімдері күн тәртібіне қатысты сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале