4.05.2020, 11:33
Оқылды: 29

Ауыл азаматтары бұлақ көзін ашты

 Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылының жастары тамаша бір игі істі қолға алды. Ауыл маңындағы Қуағаш өзенінің жыл сайын тартылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірген жергілікті азамат Рулан Жадилов пен ұстаз Рустам Тасболатов жастардың басын қосып, өзен бастауындағы бұлақтардың көзін ашты.

ECE25174-A852-461F-A93F-74BB2AAC88BD

-Мақсатымыз - табиғат байлығын сақтап қалу. Игі іске ауыл жастарының бір кісідей жұмылғаны қуантады. Бір кездері балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шулаған өзеніміздің арнасын қайта толтырсақ деген ойымыз бар, - дейді бастамашы жігіттер.

Еріктілер жылына орайластырылған шара әлі де жалғасын таппақ.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале