6.03.2018, 12:45
Оқылды: 53

Ауыл азаматы туған жеріне сый тарту етті

Ауылының гүлденіп, өркендеуі үшін еңбек етіп, экономикалық тұрғыда дамуына сүбелі үлес қосып жүрген елжанды азаматтардың еңбегі көпке үлгі.  

Сөзімізге дәлел Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Жусандыой ауылдық округінің тұрғыны, «Талапкер» шаруа қожалығының жетекшісі Айбек Қазиев Ұлы Жеңістің 55 жылдығы атындағы саябаққа «Гүлденіп, көркейе бер, Жусандыойым!» атты белгі орнатып берді.

Елжанды азаматтың игі ісі ауыл жастарының туған жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеуге, елі мен жерін құрметтеуге бағытталған.

– Туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып, ел игілігі үшін жаңа бастамаға демеуші болып, ауылымыздың өркендеуіне үлес қосып жатқан жалынды жасқа шексіз алғысымызды білдіреміз.  Елдің дамуы мен көркеюіне тұздық болар игі бастамалар жыл сайын өз жалғасын таба берсін! - дейді ауылдық округтің жастар жетекшісі Дулат Тәтешов.

Айта кетерлігі, ауылдық округте аталмыш бағдарлама аясында асырылып отырған бұл – екінші жоба.

Белгіні екі апта уақыт ішінде орнатқан мектептің техникалық  қызметкерлері Серік Ниязов, Асқар Конкишов, Марат Көшербаев, Сағынғали Қабиев, Еркінғали Қауеновтердің еңбектері зор.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале