29.04.2023, 19:04
Оқылды: 15

“Ауыл болашағы - жастар” 

Осындай атаумен Көздіғара ауылында Көздіғара негізгі орта мектебінің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында аудандық пікірсайыс турнирі өтті.
image-29-04-23-06-41-11
Ашылу салтанатында Көздіғара негізгі орта мектебінің директоры Жақсыгелді Қайыров қатысушылар мен жетекшілерге “қош келдіңіз” айтып, құрмет көрсетті.
image-29-04-23-06-41-9
14 команда қатысқан турнирге  “SYRYMTOBE” дебат орталығының мүшелері төрешілік етті.
Командалар елдің өкілдік органдарында жас депутаттардың көбеюін жақтайды, қазақ еліне шығыстық мәдениеттен гөрі батыстық мәдениет лайықты деп санайды, барлық әлеуметтік желілердегі "лайк" жүйесін алып тастауды міндеттейді, қазіргі жастар бұрынғы кездегі жастарға қарағанда қабілетті, жасанды интеллектті пайдалану еліміздің жаhaндану процесін тездетеді, ҚР жастары үшін "gap year" ақталады, қазіргі таңда белсенді болғаннан білімді болған дұрыс секілді қарарлар бойынша өзара сынға түсті.
image-29-04-23-06-41-8
Нәтижесінде, ІІІ орынды М.Қаналиев атындағы мектеп-бөбекбай-балабақша кешенінің “Деп айт” және Көгеріс негізгі орта мектебінің “Көгеріс” фракциясы өзара бөліссе, ІІ орын Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің “Оратор мен диктатор” фракциясына бұйырды.
Жүлделі І орынды Бұлдырты орта мектебінің “DC Buldyrty” фракциясы иеленді.
image-29-04-23-06-41-6
Одан бөлек, Жарқынай Мақсот “Үздік спикер”, Алина Төлеуіш “ Үздік оратор”, Жанерке Нығметжан “Үздік парламентарий”, Назгүл Мұстафиева “Үздік төреші” аталымдарына лайық деп танылды.
image-29-04-23-06-41-3
Аталған турнирдің бір ерекшелігі, Көздіғара негізгі орта мектебінің арнайы жүлде ұйымдастырып, оған жетікөлдік “Жаңасөз” фракциясы ие болды.
image-29-04-23-06-41-4
Ал, ауыл түлегі Н.Бөлебай көздіғаралық Мақсот Мақсатқа қаржылай сыйлық тарту етті.
image-29-04-23-06-41-5
Турнирді ұйымдастыруға  Көздіғара ауылының азамат-азаматшалары, ұстаздар және қожалық иелері қаржылай қолдау көрсетті.
image-29-04-23-06-41
image-29-04-23-06-41-1
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы 
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале