Шыңғырлау ауданында ән мен күйге толы кеш ұйымдастырылды. Жаздың жайдарлы кешінде ауыл тұрғындарының көңілін көтеріп, мәдени рухани серпіліс сыйлау мақсатында Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығының қолдауымен,"Дән" мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Ауыл кеші көңілді" атты концерттік бағдарлама өтті.

Саябақта өткен ашық аспан астындағы кешке ауыл тұрғындары мен қонақтар жиналып, көтеріңкі көңіл-күймен ән мен күйге бөленді. Кеш барысында орталықтың өнерпаздары халық әндері мен заманауи эстрадалық туындыларды орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Шарада шаңырақтың берекесі, отбасының ұйытқысы, балаларының асыл да ардақты әжелері, халықтың «Елім – ай» әжелер ансамблі, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты домбырашы, термеші А. Сатпанов, апалы-сіңілі Ғабит Жұлдыз бен Жасмина, «Мұрагер» домбырашылар ансамблі, жетекшісі Г. Умралиева, ауыл сахнасында өзіндік қолтаңбасы бар, бүгінде Алматы қаласында студент Н.Байғалиева қатысып, кеш көркін аша түсті.

"Дән" мәдениет үйінің қызметкері Л.Касимова:
"-Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, жазғы демалысты қызықты әрі мәнді өткізуге мүмкіндік береді. Жастар да, үлкендер де қуана қатысып жатыр. Бұл – біз үшін үлкен мотивация,"– дейді.

Жиналған қауым ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай кештердің жиі өтуін тіледі.
Ендеше ауыл әр адамның алтын бесігі салт – дәстүрімен өлең жырының мәдениеттің алтын ордасы.

Ауыл кешін әнмен әрлеген бұл шара тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, мәдениеттің халыққа жақын екенін тағы бір дәлелі.
Светлана Ешматқызы,
Шыңғырлау ауданы