4.10.2021, 16:37
Оқылды: 162

Ауыл қолдауды сезінуде

Жылдар бойы Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылы тұрғындарына қиындық туғызып жүрген көкейкесті мәселелердің бірі оң шешімін тауып, былтыр қысқа мерзімде ауылға "Kcell" ұялы байланысы  қосылған болатын. Енді, міне, ауылымыздың 4 көшесіне жарық шамдары орнатылды.

BF9B8C78-8177-405E-B8D7-7FD80071E2F9

Сонымен қатар, ауыз су мәселесіне де қатысты ауқымды жұмыстар атқарылуда. Келер жылы әр аулаға су кіріп, ауылымыз толық ауыз сумен қамтамасыз етіледі деген үміттеміз.

  Ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер уақытымен шешімін тауып жатқандығына куәміз. Көптеген жұмыстарды ұйымдастырып басы-қасында жүретін, ауылдың тыныс-тіршілігінен хабардар болып, үнемі өз бақылауында ұстайтын аудан басшылығына, ауылдық округ әкімшілігіне ауыл тұрғындарының ризашылығы шексіз. Бірлескен тірлік болған жерде нәтиже де көрінеріне көз жеткізіп келеміз.

                                            Райхан Жоламанова,

ауыл тұрғыны

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале