Кесте бойынша ауылдық округ орталықтарында өтетін «Ауыл күні» шарасы Жаңақала ауданының Бірлік ауылдық округінде өтті.

Шараға аудан әкімі аппаратының басшысы А.Каресов және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Ауылдың тыныс-тіршілігімен, мекемелердің жұмыс барысымен, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, қайтарымсыз грант негізінде кәсіптерін бастаған жеке кәсіпкерлермен және «Дулат», «Ер-мауыт» - шаруа қожалықтарының балық өсіру, бау-бақша салу кәсіптерінің жұмысымен танысты.

zhaikpress.kz