17.08.2023, 17:30
Оқылды: 22

Ауыл мәселесі бақылауда тұр

Бүгін Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов бекітілген кесте бойынша Өнеге, Құрсай, Көлтабан, Еңбекші, Майтүбек, Тегісшіл, Жұмаев елді мекенінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.

IMG_20230817_172509

Сонымен қатар жиналған халық алдағы жоспарлардан да хабардар болды. Бекітілген кесте бойынша өткен жүздесуде күйіп тұрған киік мәселесі талқыланып, ауыз судың сапасы да айтылды. Майтүбектегі ағайын медицина орталығының күрделі жөндеуден өтіп жатқанына қуанышты. Көптеген мәселені жеткізген ауыл жұртшылығы мал азығын айтып, қыстың жайын қаузады. Жем сатып алудың анық-қанығына барып, ауыз су және электр жүйесіне қатысты түйткілдерді ортаға салды. Тегісшіл тұрғындарын толғандырған жайттың бірі һәм бірегейі электр жүйесін жөндеу мен мектеп салудың аса қажеттілігі болды. Олар ауылда мәдениет үйінің болғанын да қалайды. Жұмаев жұрты болса, "Ауыл аманаты" жобасы туралы сұрақтарын қойып, қайтарымсыз грант төңірегінде пікір алмасты. Сондай-ақ ауылға кешенді блок-еңмодуль орнату жөнінде ұсыныстарын айтты. Қай елді мекенде болмасын тұрғындарды мал азығын дайындау әрекеті алаңдатады. Қуаңшылықтың кесірінен мал басы азайып кетпесін деп жанын шүберекке түйіп отырған қауымды бірден байқайсың. Жиын соңында сұрақтарға бөлім басшылары жауап беріп, Жақсылық Каримоллаұлы бақылауда болатынын жеткізді.

Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале