25.12.2020, 14:54
Оқылды: 6

«Ауыл» партиясын қолдауға шақырды

Жаңақала колледжінің акт залында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы БҚО бойынша филиалының төрағасы Мынаутаубиік Әнесов және БҚО бойынша фермерлер одағының төрағасы, БҚО мәслихаты депутаттығына үміткер Серік Жарылғапов ауыл тұрғындарымен кездесті.

Ауыл партиясын қолдауға шақырды

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының атынан аудандық мәслихатқа үміткерлерді таныстырды.

Жиында Мынаутаубиік Тауфиқұлы партияның сайлауалды бағдарламасы мен тұжырымдамасын тұрғындарға кеңінен насихаттады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға сатуға әрі жалға беруге тыйым салу туралы бастаманы көтерді.

Олар отбасындағы балалар санына қарамастан 18 жасқа дейінгі әрбір балаға жәрдемақы төлеуді, 3 баласы бар аналарға көпбалалы ана мәртебесін беруді және олар үшін зейнетке шығу шегін 53 жасқа дейін төмендету қажеттігін айтты. Сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.

 

Ақсәуле Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале