22.05.2025, 23:00
Оқылды: 205

«Ауыл партиясының» өкілі Жаңақала ауданына келді

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Ауыл партиясы» БҚО филиалының аппарат басшысы Ғайса Қапақовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев жүргізді.

image-22-05-25-08-02-3

«Ауыл партиясы» БҚО филиалының кеңесшісі Сатқан Төлегенов, «Депо» базарының әкімгері Айдарбек Дакупов, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, барлық ауылдық округ әкімдері, ауыл партиясының мүшесі қатысқан шарада күн тәртібінде «Auyl Fest» қой шаруашылығы форумына дайындық, жұмыс жоспары, облыс орталығынан жаңадан ашылған «Депо» базарына азық-түлікпен қамту меморандумы туралы, қаладан ауылға көшу, оларға жұмыс орындарын ашу мәселелері, ауылда кәсіпорындар ашу жұмыстары туралы, «Ауыл партиясының» бастауыш партия ұйымдарын ашу туралы мәселелер қаралды. Алдымен Ғайса Хамидоллаұлына сөз ұсынылып, алдағы болатын форумда асыл тұқымды қой көрмесін өткізу, қой өнімдерінің көрмесі мен тағамдарының конкурсы, қой шаруашылығы бойынша жаңа технология мен жаңа методика қолдануы бойынша кеңес, қой етін шетелге экспорттау, «Auyl Fest» форумын ұйымдастыру аясында қызықты ауыл ойындарын өткізу сынды жоспарларымен бөлісіп, ұсыныс-тілектеріңіз болса қарастырылатынын айтты. Екінші мәселе бойынша «Депо» базарын ауылдың өнімдермен қамту бойынша меморондумға қол қойылып, аталған базарда жәрмеңкелер өткізу, және оның тиімділігі туралы сөз етті.

image-22-05-25-08-02

Күн тәртібіндегі қаладан ауылға көшу, оларға жұмыс орындарын ашу жолдары туралы, сонымен қатар ауылдан кәсіпорындар ашу жөнінде ашық пікір алысып, ұсыныс, тілектер мен ауыл шаруашылығын дамытуға кедергілер туралы пікірлер ортаға салынып талқыланған соң, «Ауыл партиясының» мүшесі, мәслихат депутаты Асхат Мағзомовқа партия билетін табыстап, бастауыш партия ұйымдарын ашу туралы ауыл әкімдеріне тілегін жеткізді.
Жиынды Алпамыс Жаңабайұлы қорытындылап, ауылды өркендету бағытындағы әріптестікке ашық екенін жеткізіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін білдірді.

Сыйлыхан Жұмасалық

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале