Өңірімізге іссапармен келген ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Серік Егізбаев Теректі ауданы Шағатай ауылына барды.
Биылғы Жолдауда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы сәтті пайдаланып, ауылдық тұтыну кооперативін құрудың маңыздылығы жөнінде сөз қозғағым келіп отыр. Мысалы, бір ауылда 20 шаруа қосылып, төрағасын таңдап, сүт өндіру үшін кооператив құрды делік. Бірінші сүт өнімдерін дайындайтын завод басшысымен келісшарт жасалады. Одан соң әр шаруаға сүт өткізгеніне төленетін қаражат бекітіліп, керек құжаттар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылады. Бюджет есебінен бір литрге 10 теңгеден төленсе, айына 20 тонна сүт тапсырсаңыз, кооперативке кем дегенде, 600 000 теңге табыс түседі. Сөйтіп, түскен қаржыны сиыр сауатын арнайы құрал, т.б. керек-жарағыңызға жұмсайсыз. Бұл жұмыста ең бастысы – ауызбіршілік және сапа. Неғұрлым сапалы өнім өндірсеңіз, соғұрлым табыс түсіресіз. Біздің мақсатымыз - «Қазақстанда дайындалған» («Made in Kazakhstan») брендін әлемге әйгілеу, - деді вице-министр.
Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz