«Еңбек түбі – ырыс» дегендей ысырапсыз егінді жинау үлкен жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен іске асырылатыны шаруашылықтардағы еңбеккерлердің, жұмысшы күштердің, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің арқасы.
Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Тынымсыз тіршілікке қажетті еңбектің арқасында бүгінде аграрлық сектор жақсы дамып келеді.
Аудан әкімі Жанат Асантаев ауыл шаруашылығы күнімен құттықтап, осы салада көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып келген жерлестерімізді алғысхаттармен марапаттады.
Айту Маулетова,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz