13.01.2022, 17:00
Оқылды: 67

Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері марапатталды

Жуырда Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетовтың төрағалық етуімен жиын өтті. Жиынға Батыс Қазақстан облысының жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Дәулетжанов, агроқұрылым басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің жауапты қызметшілері қатысты.


37

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тасқала ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін марапаттау болды. Алдымен  аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы құттықтау сөз сөйлеп,

«Армат» ШҚ басшысы Аскар Мальтив пен «Киреев» ШҚ басшысы Андрей Киреевке Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жаслан Халиуллиннің атынан алғыс хаттар табыстады.

Келесі кезекте сөз алған «Батыс Қазақстан облысының жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманкелді Дәулетжанов «Кәсіподақ қозғалысы саласында қойылған міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, «Батыс Қазақстан  ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ  базасындағы кәсіподақ қозғалысын шоғырландыру, оның  қатарына шаруа қожалықтарын, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, ШОБ субъектілерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерді тарту бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуді сұраймын», - деді.

Біздің бірлескен міндетіміз - ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы туралы ақпаратты облыстың шаруа, фермер қожалығының әрбір басшысына жеткізу. Жіберілген материалдарды олармен бірге талқылап, аудандық газеттерді ауыл шаруашылық қызметкерлері кәсіподағының үндеуін ауыл еңбеккерлеріне жеткізу үшін қолдану. Облыстың кәсіподақ қозғалысын біріктіру үшін ұйымдастыру шараларын қабылдау, яғни ауыл шаруащылығы кәсіподағының қатарына жаңа мүшелердің кіруіне жәрдем көрсету. Біздің түпкі мақсатымыз - облыстық кәсіподақ қозғалысын  біріктіру, оның мүшелерінің құқықтарын қорғау және өзекті мәселелерін шешу үшін кәсіподақ жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығару деп сөзін жалғады.

Кейін «Арман» ШҚ басшысы Елеусин Мухтаров пен «Макаш» ШҚ басшысы Берик Жусуповке Алғыс хат табыстады.

Сонымен қатар жиын барысында «Елеулі еңбегі үшін» медалімен «Карен» ШҚ басшысы Есім Мамбетов, «Аюпов» ШҚ басшысы Нұрлан Аюпов, «Луч» ЖШС-нің басшысы Нариман Мүсенов, «Али» ШҚ басшысы Мади Хаиров марапатталды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале