21.11.2025, 15:30
Оқылды: 365

Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері марапатталды

Оралдағы «Аграршылар» үйінде Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

IMG-20251120-WA0027

Аталған шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, облыстық ауыл шаруашылығы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лавр Хайретдинов, саланың ардагерлері мен облыстық мекемелердің қызметкерлері қатысты.

IMG-20251120-WA0047

Мерекелік басқосуда еңбек майталмандарының сала дамуына қосқан үлесі аталып, үздік мамандар түрлі марапаттарға ие болды. Солардың қатарында казталовтық бірқатар ардагерлер мен мамандардың есімдері де аталып, құрмет төрінен көрінді.

IMG-20251120-WA0051

Атап айтқанда, Казталов ауданының әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне зор үлес қосқан, аудан басқарған еңбек ардагері Нәсіпқали Иманғалиұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің мерейтойлық медалімен марапатталды.

Сонымен бірге ветеринария саласының дамуына айрықша үлес қосқан еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсенов «Құрметті ардагер» төсбелгісін иеленді.

IMG-20251120-WA0049

Марапат иелерінің қатарында ауданымызда ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен еңбек ардагері Мирлан Құсайынов пен Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Қайыржан Өміралиев те бар. Оларға облыс әкімі атынан Алғыс хаттар табысталды.

Сала майталмандарының еңбегін елеп-ескеру – өскелең ұрпаққа үлгі, еңбектің қадірін арттыратын зор құрмет.

Казталов ауданының дамуы жолында тер төккен ардагерлерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, адами болмысы мен өнегелі еңбектері әрдайым құрметке бөлене берсін дегіміз келеді.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале