16.07.2025, 12:30
Оқылды: 221

Ауыл таза көшесімен көрікті

Ауданымызда тазалық сақтау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Көктем басталғалы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында басталған ауыл-аймақты күл-қоқыстардан тазарту, жасыл желектерді күтіп, жас көшеттерді отырғызу жұмыстары бір сәт тоқтаған емес.

520214701_1968331387311990_3737517477763340336_n

Бүгінгі таңда әр мекемелердің өз жұмыс орындарының аймағын жасыл желекке орауға қосып жатқан үлестері байқалуда. Сонымен қатар көше тазалығына да әрдайым мән беріліп отыр. Бұл жолда Шыңғырлау ауылдық округі тарапынан жүргізілген жұмыстарды бақылауда ұстау бұлжымас қағидаға айналған. Округ жұмысшылары мен әкімшілік қызметкерлері де әр жұма сайын сенбілік ұйымдастыруды мақсатты түрде алға қойып келеді.

514336628_1968331347311994_6468942795339893204_n

Жұмыстың нақты да өнікті жүруі үшін аудандық дербес бөлімдер мен мекемелерден 5 жұмыс тобы құрылған болатын. Осы жұмыс топтары берілген кестеге сәйкес А.Құнанбаев, Л.Қылышев, И.Тайманов, Тәуелсіздік көшелеріндегі қалың өскен арам шөптерді шауып, жол жиегіне жақын, газ трубаларына кедергі келтірген ағаш бұталары кесу жұмыстарын жүргізді. Арнайы техникаға  сынған, кесілген бұтақтар тиеліп, ауылдан тысқары жерге жеткізілді.

Гүлшат Ибрагимқызы, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале