2.04.2025, 14:30
Оқылды: 258

Ауыл тазалығы - ауа тазалығы

 

Шыңғырлау ауданы орталғында Шыңғырлау ауылдық округінің ұйымдастыруымен көктемгі тазалық сенбіліктері басталды.  Әр мекеме-ұйымдардың қызметкерлері өздеріне бекітілген көшелерді қағаз-қалбыр, қатты тұрмыстық қалдықтардан тазалады.

486856473_1882524402559356_8359735960491710791_n (1)

Көше тұрғындары да жауапкершілік танытып, өздерінің үй-жай маңайларын қыстан қалған сынған бұта, ұшқан қағаз-пакеттерден тазартып, тырмалап, айнадай қылып қойды. Жекелеген кәсіпкерлер де ортақ шаруадан тыс қалмай өздерінің жұмыс орталықтарының төңірегін тырмалап, жапырақ төгінділерін сыпырып, тегістеп шықты. Мұндай белсенді тұрғындардан өзгелер де үлгі алса ғанибет.

487480672_1882524032559393_9011333103230284875_n (1) Жиналған қоқыстарды арнаулы техника қоқыс полигонына шығаратын болады.

Изображение WhatsApp 2025-04-01 в 14.51.37_70a364b3 (1)

Бұл сенбіліктің тек бастамасы, әр жұмада осындай тазарту жұмыстары ауыл ішінде ғана емес, одан тысқары жерлерде де, өзен-көл маңайында да жүргізілетін болады.

Гүлшат Ботанова,

Шыңғырлау ауданы

Изображение WhatsApp 2025-04-01 в 14.51.41_589839ab (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале