21.02.2023, 23:21
Оқылды: 52

Ауыл тазалығы басты назарда

Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру жиыны аудан орталығы Жаңақала ауылында жалғасын тапты. Жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, ауылдық округ әкімі Ақан Қапанов, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

WhatsApp Image 2023-02-21 at 15.55.37

WhatsApp Image 2023-02-21 at 15.55.12

WhatsApp Image 2023-02-21 at 15.55.23

А.Болатұлы өткен жыл бойынша  атқарылған жұмыстарға тоқталып, баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Тұрарбек Апақаев тұрғындарға газ бен суды пайдалануда сақтық шараларын ұстануға шақырды. Одан әрі өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша ауыл тұрғындары өтініш-пікірлерін ортаға салды. Атап айтсақ, Қанатқали Дәулетқалиев қар тазалау жұмыстары және ауыл тазалығына сын болатын көшедегі мал терілерінің аяқ асты болып күл-қоқыста жататынын қынжылыспен жеткізіп, санитарлық нормаларға сай емес екенін айтты. Қайырғали Жайымов желтоқсан көшесіне қатқыл табанды жол салу биылғы жылғы жоспарда бар ма деген сауалын жолдаса, Ермек Меңдіхан ауыл зиратына дейін қатқыл табанды жол болмаса да, қиыршықтас (щебень) төсеуді ұсынды. Ғайниет Валиев, Исатай Сәрсенов ауылішілік жаяу жүргіншілер жолы қардан тазаланбайтынына наразылық білдірді. Сакко мектебінің түлегі Қайрат Құспанов бұрынғы білім ордасының орнына мектеп бітіруші 50 жылдық түлектер болып саябақ салуға рұқсат сұрады. Қадырбай Ихсанов ауыл шетіндегі жанармай бекетінің артында қандай құрылыс жүргізіліп жатырғанын сұрады. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жергілікті мекеме басшылары жауап берді. Жиын соңында сөз алған аудан басшысы Д.Әмірханұлы: «алға қойылған ауқымды жоспарлар кезең-кезеңімен қаражатқа байланысты жүзеге асады. Сондықтан шыдамдылықпен қарап, өз тарапымыздан да әрекет етуіміз керек», - деп сөзін тәмамдады. Қорыта келе, атқарылған жұмыстар айтарлықтай  болса да, алда тұрған міндеттер де жетерлік.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале