22.05.2023, 21:28
Оқылды: 21

Ауыл тұрғынын қуанышқа бөледі

Жуырда Казталов ауылының тұрғыны Гүлжиян Еленбайқызы есімді ауыл азаматшасына Тасқалиевтар отбасының демеушілігімен тегін протез салынды.

IMG-20230517-WA0120

Рамазан айында басталған қайырымдылық іс-шарасы жөнінде Тасқалиевтер отбасының отанасы Әсем Нұридденова айтып берді.

- Рамазан айында қайырымдылық жасау отбасымыздың жылдағы дәстүріне айналған іс-шара. Осы жылы Гүлжиян апамыздың тісін емдетіп, протез салуды жөн көрдік. Бұдан бір ай бұрын апамыздың тісін жұлдырып, орынының жазылғанын күтіп, ауыл тұрғыны Әлібек есімді азаматқа барып протезге тапсырыс беріп, 5 мамыр күні протезді орнаттық, - деді.

Айта кетейік, Рамазан айында ауданымыздағы «Қосөзен қаракөздері» әйелдер клубында 13 жыл бойы ауылдың тазалығы үшін еңбек еткен 59 жастағы анамызға қайырымдылық іс-шарасын өткізген болатын. Әйелдер клубының мүшелері еңбек адамына «Ару-Наз», «Фариза» сұлулық салондарында тегін маникюр, макияж және шаш үлгісін жасап, «Әулет» дүкенінің атынан киім-кешек пен азық-түлік тарту етіп, «Ақ ниет» мейрамханасында клуб мүшелерімен бірге тегін кешкі ас ұйымдастырылды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале