23.12.2020, 12:42
Оқылды: 435

«Ауыл тынысы» – аудан жаршысы

       Егіндібұлақтық ағайын аудандық газетті алмау, оған жазылмау дұрыс емес деп біледі. Көпшілік ауданда, ауыл-аймақта болып жатқан тіршіліктің тынысын «Ауыл тынысы» басылымынан оқып, біліп отырады. Биыл ауылымызда газетке 40 оқырман жазылған болса, соның 28-і – ұстаз. Мұғалімдер қауымы газетте жарық көрген барлық жақсылықтарды оқушыларға жеткізіп, мемлекетіміздің, ауданымыздың жеткен жетістіктерін мақтан ете алады. «Ауыл тынысы» сонысымен құнды.

 

smart

Қазіргі таңда газетте оқырманға пайдасы тиер құнды дүниелер, тәрбиеге қатысты танымдық мақалалар, аудан көлеміндегі жасалып жатқан тың да серпінді жұмыстар көптеп берілуде. Ел үшін егілер қайырымды жандардың қандай игілік жасап, мектептерде нендей жаңалық болып жатқаны да, мәдени жаңалықтармен қатар ауданның бетке ұстар  азаматтары туралы мақалаларды да газет бетінен кезіктіруге болады.

Сондықтан Егіндібұлақ мектебінің ұжымы газеттің тұрақты оқырманы саналады. Болашақта жазылушылар санын көбейтуге де өз септігін тигізетін болады.

«Ауыл тынысы» ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып,  Егіндібұлақ ауылы халқы төл газетке қолдау көрсетуге әрқашан дайын екендігін айтқымыз келеді.

 

Меруерт Ешниязова,

Егіндібұлақ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале