29.04.2025, 16:45
Оқылды: 356

Ауыл жастарымен кездесті

"Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының" бастамасымен, "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігі, Мансап орталығы, "Шапағат нұры" қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен Ұялы, Саралжын, Т.Масин ауылындарына барып, жоғары сынып оқушыларымен және жастармен кездесу өтті.

IMG-20250429-WA0078
Кездесу барысында жастарға NEET санатындағы жастар туралы, оқушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау, жастарға қатысты бағдарламалар, «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, отан алдындағы борышын өтеу мәселелері туралы, аудан деңгейінде ұйымдастырылатын жастарға арналған шараға белсенді қатысуға, құқық бұзушылықтың алдын-алу мен қауіпсіздік шараларын жетілдіру,  электр скутер, лудомания, түнгі мезгілдегі жүру уақыты, темекі шегудің, маскүнемдік, энергиялық ішімдіктің зияндылығы туралы буллинг, кибербуллинг және нашақорлық, лудомания сынды қоғамның дертіне айналған теріс ұғымдар жөнінде мәліметтер беріліп, олардың алдын алу шаралары туралы ақпарат айтылды.

IMG-20250429-WA0076
Мансап орталығының құрылымдық бөлімше басшысы Салтанат Молдашева "Skills Enbek Kz" бағдарламасы арқылы қосымша мамандық меңгеріп, кәсіп бастауға мүмкіндік алу жөнінде ашып айтты.

IMG-20250429-WA0071
Кездесу соңында ауданымыздың теолог маманы,  "Шапағат нұры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхаммед Али Медетұлы оқушыларға "Kahoot" зияткерлік ойынын өткізіп жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға сыйлықтарын табыс етті.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале