Бүгін – Ұлттық домбыра күні. Айтулы күнге орай ауданымыздың Көктерек, Жаңажол ауылдарында мерекелік іс-шаралар оздырылды.
Ұлттық мерекеде көктеректіктер «Үкілі домбыра» атты сазды шара өткізді. Іс-шараға аудандықэкономика және қаржы бөлімінің басшысы ЖадыраСүндетова, Көктерек ауылдық округінің әкіміБақытжан Есенғалиев қатысып, ауыл тұрғындарынайтулы мерекемен құттықтады. Содан соң«Домбыра» ансамблі бірқатар күйлерді шертіп, «Инабат» би ансамблі қазақ халқының ұлттық би өнерін көпшілікке паш етіп, ауыл өнерпаздарыхалық әндерін шырқады.
Жаңажол ауылының өнерпаздары да Ұлттық мерекені ерекше ықыласпен атап өтті. Мұнда жергілікті өнерпаздар Жансая Бекет, Азиза Жайлаубай, Асылғаным Құсайынова «Домбыра» монументі жанында тақырыптық әндерді шырқап, ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мерекелікіс-шараға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Эльмира Сармалаева, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Берік Мұрат қатысып, халықты мерекемен құттықтады.
Ұлттық болмысымызды айқындап, өнеріміз мен мәдениетімізді дәріптейтін мерекенің маңызы жылсанап артып келеді. Жас буынның да Домбыраны қолға алып, күй шертіп, жыр айтуы ұлттық аспаптың ғасырлық үнін арқау еткен өнеріміздің өміршеңдігін айқындайды.
Бекарыс Әбіш,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz