11.06.2024, 11:45
Оқылды: 67

Ауылдағы ағайынды не толғандырады?

Мемлекеттің басты байлығы адам. Тұрғындардың базынасын тыңдауда жергілікті басшылар қаперге алатын жағдай бар. Ол ауылдағы ағайынның пікірімен санаса отырып, ел игілігіне қатысты істерді талқылау. Иә, өзара шешім қабылдамас бұрын тұрғындармен ақылдасып, ойларын білген жөн. Сол кезде ғана ортақ шешім өз жемісін бермек.

9D89BF1B-D2A8-473B-99E5-F0231984F713

Осы орайда азаматтарды қабылдау күнтізбесіне сәйкес Теректі ауданы әкімінің орынбасарлары Қалаубек Теміров пен Дамир Ғұмаров ауылдық округтерге сапарға шығып, елмен жүздесті.

Ақжайық, Ақсоғым, Шағатай ауылдарының тұрғындарын жол мәселесі, жер қатынастары толғандырады. Сондай-ақ кешегі жойқын дауыл салдарынан жарамсыз болған үйлердің шатырын қалпына келтіру жайында сұрақтарын қойды.

23139895-1DE2-49C9-896C-6A0E93BF39FC

Қозғалған мәселелердің шешілу жолдары талқыланып, қажетті түсінік жұмысы жүргізілді.

Қалаубек Баубекұлы мен Дамир Сансызбайұлы түйткілді сауалдарын жолдаған жұртшылықтың талап-тілектерін ақ параққа көшіріп, қолдан келгенше тырысып бағатындарын жеткізді.

Уақыттың еншісіндегі өтініштердің жүзеге асуы аудан әкімдігінің тоқсан сайын өтетін есептік кездесулерінде белгілі болмақ.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале