Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов ауылдық округ әкімдерінің елді мекендердегі халықпен кездесу жиындарына қатысты.
Атап айтсақ, ауылдық округтерде медициналық пунктілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, ауылдың ауыз су, мал басын шөппен қамту мәселелері жолға қойылған.
Елді мекендерде амбулатория құрылысы облыстық бюджеттен қаржы күтіп тұрған болса, «Жымпиты-Қособа» автожолына орташа жөндеуді аяқтау, бөгеттерді қалыпқа келтіру, электр бағандарын жаңарту, электр желілерінің сымдарын тарту, жұмыссыздық деңгейін төмендету секілді бірқатар кезек күттірмейтін мәселені аудан әкімі назарға алып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Алдағы апта аудан басшысының ауылдық округтердегі халықпен кездесу жиыны жоспарда тұрғанын қаперлеріңізге саламыз.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz