27.06.2022, 10:46
Оқылды: 37

«Ауылдан» ауылға 1500 балапан!

«Ауыл» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Бұлан ауылдық округіндегі 30 үйге 1500 балапанды тегін таратты.
WhatsApp Image 2022-06-27 at 10.42.40

Халыққа балапандарды ілкі кезде қоректендіруге арналған арнайы азықтар қоса берілді. Ауылдағы мал баққан ағайынға құс та бөтен емес. Десек те, құс өсіру ісі аулаларда шаруашылық сипатында емес, әуестік бағытында ғана жүзеге асып жатқанын көзіміз көріп жүр.

Құс шаруашылығын қалай ширатуға болады? Осы сауалға жауап ретінде кеше бұландықтар үшін мамандар ”Жеке қосалқы шаруашылық: бройлерді өсіру технологиясы” атты семинар - тренинг өткізіп, қатысқандарға сертификат берді. Ауыл тұрғындары атынан Ақжан Ермекова мен Данагүл Каримова игі бастамалары үшін «Ауыл» партиясының өңірлік филиалымен «Жайық Құс» фабрикасына алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Бұлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Әділгереев бұл лауазымға «Ауыл» партиясы атынан ұсынылып, халықтың 82% дауысын болатын. Партия алдағы уақытта Бұлан ауылына мұзайдынын салуға да қаржылай жәрдемдеспек.

 Айман Өтеғалиева,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале