Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округі жастары волейболдан "Достық" турнирін өткізді.
Бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және волейбол ойынына деген қызығушылықты ояту мақсатында өткен турнирге Дариян, Рубежин, Трекин ауылдық округтерінен келген командалар қатысты.
Қатысушылар бірінен-бірі асып түсіп, спортқа бір табан жақын екендіктерін керемет ойын өрнегімен көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар жастардың спортқа деген қызуғушылығын арттырып, шеберліктерін шыңдауға тамаша мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ ауылдар арасындағы достықты нығайтуға да осындай жарыстар өз септігін тигізетінін айтады спорттық шараның басы-қасында жүрген дарияндық жастар.
-Болашақта мұндай жолдастық кездесулер жиі өтетін болады. Одан бөлек көрермен көңілінен шығар жарыстарды ұйымдастыру сынды жоспарымыз да бар. Көршілес ауылдар арасындағы достық қарым-қатынас жоғалмауы керек, -дейді Дариян ауылдық округінің жастар жетекшісі Марзия Конуспаева.
Шара соңында жарысқа қатысқан командалар арнайы алғысхаттармен марапатталды.
Назерке Сыйлыбаева,
Байтерек ауданы
zhaikpress.kz