22.03.2023, 15:18
Оқылды: 40

Ауылдастары Төлебиге ат мінгізді

Кеше Өлеңті ауылындағы саябақта Наурыз тойы өтті.

dav

dav

Жыл бойғы жетістіктерін желтоқсанда емес, Наурызда қорытындылау - өлеңтіліктердің қашаннан бергі әдеті. Сол асыл дәстүрмен  Өлеңті биыл да сахнада жылдың табыстарын, жарқын жеңістерін жариялады.
Балаларды атқа мінуге баулып, шаңға аунап өскен ауылдас інілерінен шабандоз шығарған атбегі Төлеби Қайыржанов жақында өзі де тұлпар мініп, топқа түсіп, Ақтөбе облысында өткен аударыспақтан ҚР чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 12.00.13

Шараға қатысып, өлеңтіліктерді Наурыз мерекесімен құттықтаған Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев Төлебиге аудан әкімінің атынан алғыс хат ұсынып, түгі желбіреген қалы кілем сыйлады.
Ал ауылдастары болса ат үстіндегі күрестен ауданнан шыққан алғашқы ҚР спорт шеберіне  ат мінгізді.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 12.00.13 (1)
Күрес додаларында аудан намысын қорғаған жас балуандар да ел алдына шығып, сый-сияпат алды.
Мереке іздеген халық үшін Ж. Досмұхамедов атындағы мектептің ұстаздары мен оқушылары концерт қойды. Қазан көтеріліп, жұртқа тегін наурыз көже мен палау таратылды.
Той ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале