6.04.2022, 17:40
Оқылды: 41

Ауылды көркейтетін жоба

 Сіздің жеке үйіңіз болса сол үй маңында ағаштар болуы керек. Сіз тұрғын үйдің айналасын жақсарту үшін талай жобалар жасай аласыз. Сәндеп, безендіресіз. Алайда ағашсыз үй айналасының көркі кірмейтіні анық. Ал жәй терек немесе жеміс ағаштарын өсірсеңіз, бұл әрі көлеңке, жеміс және тегін кислород, таза ауа, жанға жайлы атмосфера жасайды. Себебі ауладағы жайлылықты егілген ағаш пен гүлдер ғана әкеледі.

менің аулам

Шыңғырлау жері тал-терегі, өзен-көлімен ерекше, көгалдылығымен айрықша, әйтсе де тұрғындар саны артқан сайын ағаш саны да өсіп отыруы шарт. Сондықтан да жыл сайын ағаш егу жұмысы қолға алынып отырады.

Аудан тұрғындары үшін 2021 жылдан бастап «Менің аулам – менің бағым»  жобасы іске асырылуда және осы жылы бұл жұмысты жалғастыру көзделуде. Жобаға жетекшілік етуші Шыңғырлау аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Нұрлан Садықов аудан тұрғындарын осы жобаға жаппай қатысуға шақырады. Оның айтуынша, бұл  жобаға кез келген адам қатыса алады. Жобаның тиімді болуы үшін алдағы уақытта аудан орталығында жеміс-жидек көшеттерін сату жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған. Сондықтан жобаға қатысуға ниет білдірген тұрғындар ауылдық округ әкімдіктеріне және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне өтініштерін беріп, тіркелуге болады екен.

Ал бау-бақша, көкөніс, картоп, бақша дақылдарын өсіремін деушілер болса, оларға тегін бақша учаскелері беріледі.

Айта кету жөн, барлық мәліметтерді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен, ауылдық округ әкімдіктерден білуге болады. Сөйтіп, еңбексүйгіш әрі отбасының жағдайына алаңдаулы әрбір тұрғын тез арада осы жобаға қатысушылардың бірі бола алады.

                                                                           А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

  zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале