2022 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімді баспа беттеріне жазылу науқаны да аяқталуға таяу. Қазіргі таңда мыңдаған оқырман «Сырым елі» газетіне жазылып, өздері мен жанұялары үшін тамаша сый жасады. Олар енді жеті сайын аудан апталығымен қауышпақ.
«Ауыл» халықтық -демократиялық патриоттық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетіне қолдау білдіріп, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай партияның 30 мүшесін аудандық газетке жаздырды.
-Елдегі саясатты насихаттауда, халықтың әлеуметтік көңіл күйін білуде газеттен асқан жәрдемші жоқ. Аудандық басылымды қолдаймыз. – деді партияның облыстық филиалының төрағасы Мынатаубиік Әнесов мырза.
«Ауыл» ХДПП саяси бюросының мүшесі, белгілі кәсіпкер Құсайын Бахтияров та газет таралымын көбейтуге жеке көмек көрсетті.
Редакциядан:
Осы секілді жымпитылық Алмас Махметов, Нұрсапа Жұмаев және Ілияс Рахымқұлов секілді жомарт азаматтардың әрқайсысы 10 дана газетке тегін жаздыруға демеуші болды. Бұл қайырымды жандардың арқасында Жымпиты мен Өлеңті ауылындағы 30 жанұяға «Сырым елі» тегін барады. Ал, Сіз «Сырым еліне» жазылдыңыз ба?