Жақында ғана ұйтқып соққан жел мен қатты жауған нөсер ауыл-аймаққа зиянын да тигізгені белгілі. Тіпті электр желісі өтетін бағаналар құлап, істен шығып, тұрғындар аз-кем жарықсыз отырып қалғанды.
Соның ішінде Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округіне қарасты Жіңішке елді мекенінде табиғаттың тосын сыйы адамдарды әбігерге салды. Қатты желдің әсерінен бірнеше бағана құлады.
Осы кезде жіңішкеліктерге көмекке келіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге "Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы" ЖШС қызметкерлері келді. Сондай-ақ сол маңдағы "Қадиша", "Жақып" шаруа қожалықтарының жетекшілері техникасымен жұмысшыларын да қосып, көп болып, айтарлықтай іс қылды. Нәтижесінде ауылдықтар үшін қысқа уақытта жарық берілді.
Айсұлу Мұса,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz