14.01.2025, 18:00
Оқылды: 14

Ауылдың аманатын арқалаған ардагерлер

Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылу жолында зиялы қауым өкілдерінің атқарар рөлі бөлек. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Ел ағалары ауызбіршілікті және ұрпаққа өнегелі болуы керек» -деген болатын.

image-14-01-25-05-19-2

Қай дәуірде де, қандай тарихи кезеңде де қоғамның негізгі қозғаушы күші – зиялылар! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біздің ауданда да зиялы қауым өкілдерінің ықпалын арттыру міндеті тұр. Бұл ретте ардагерлер кеңесінің алар орны ерекше. Осы ретте 14 қаңтар күні А.Оразбаева мектебінде “Жемісті еңбек - жетістік баспалдағы” атты Казталов аудандық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста аудан бойынша атқарылған жұмыстардан бейнеролик көрсетілді.

image-14-01-25-05-19-1

Ардагерлер кеңесінің отырысында аудан әкімі Асланбек Сарқұлов сөз алып, аудан бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

image-14-01-25-05-19-9

-Құрметті ардагерлер! Жылдың басында бас қосып жатырмыз. Қазақта “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” дейді. Бұл жылымыз табысты болып, жетістіктерге жетейік! Мемлекетіміз тарапынан бірқатар бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Сол бағдарламалардың нәтижелі жүзеге асуы атқарылған жұмыстарымызға, елдің ауызбіршілігіне, ертеңгіге деген сеніміне байланысты. Өткен жылғы атқарылған жұмыстарды баяндамадан көрдіңіздер.

image-14-01-25-05-19-7

Облыстағы қаражаттар мен ұлттық қордың есебінен бюджетіміз екі есеге өсті. Оның ішінде өзіміздің салығымызды 90 млн. теңге көлемінде арттырдық. Бұл ортақ жұмыстың нәтижесі. Қособадан Еңбекке дейін, Саралжыннан Аққурайға дейінгі жерді алып жатқан ауданымыздың жер көлемі үлкен. 16 ауылдық округ, 47 елді мекен бар. Бір мәселені шешіп жатырған болармыз, бір мәселенің өзектілігі болып тұрған болар. Ниетімізде халықтың әл-ауқатын бағыттауға арналған жұмыстар.  Жұмыс болғасын жерде мәселе болады. Кейбір мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес бір жобаларымыздың орнын таппай жататынын жасыра алмаймыз. Көпшілік жағдайда істелген жұмыстардың барлығы да атқарушы билік, депутаттарымыз, қоғамдық кеңес мүшелері бар ақылдасып отырып шешіп жатырмыз. Шамамыз келгенше әрбір ауылдық округте, елде мекенге бір нәрсе істеу мақсатында жұмыстанып жатырмыз. Басқа ауданмен салыстырғанда Орал қаласында тұрғын үй бағдарламасы бойынша 116 үй 28 елді мекенге салып, облыс бойынша екінші орында тұрмыз. Оның сыртында әлеуметтік нысандарымыз бар. 12 елді мекеннің 25 әлеуметтік нысаны бар. Биылғы жылы үш бағыттағы жоба аяқталды. Одан кейін 19 елді мекен бар ауыз су мәселесін шешуді қажет ететін. Тұрғындар үшін ең өзекті мәселелердің бірі- жол мәселесі. Жол мәселесі біздің аудан үшін өте өзекті. 524 км жолдың тек қана 12 пайызын тапсырамыз. Алдағы уақытта жолға байланысты мәселені кезең-кезеңімен шешу. Шекаралық аймақтағы елді мекендерді дамыту - басым бағыт ретінде Президентіміздің тапсырмасы. Соған сәйкес  мемлекеттік бағдарлама аясында шекарадан 50 метр қашықтықта орналасқан елді мекендердің жобаларына басым бағыт беру жөнінде тікелей тапсырма бар. Бұдан да басқа жобалардың тізбегі баршылық. Қай уақытқа сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз маңызды, -деді өз сөзінде.

Кеңесте аудан әкімінің орынбасары С.Қайырлиев, Қараөзен ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Оразұлы, еңбек ардагері Уалиолла Абешов Жеңістің 80 жылдығына және атқарылған жұмыстардан хабарлама жасап, “Жұмысшы мамандар жылы “ туралы кеңінен тоқталды.

Казталов ауданының ардагерлер ұйымы да Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді атқаруда өз жұмысын «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ережесіне сай ұйымдастырып келеді. 2025 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдайға аудан бойынша 3573 зейнеткер-ардагер есепте тұрады. Оның 82-і тыл ардагерлері, 8-і Ауған соғысына қатысушылар, 10-ы Чернобыль апатына қатысушылар, 8-і Тәжік-Ауған және 7-і Таулы Карабах әскери қақтығыстарына қатысушылар.

Аудан көлемінде барлық ауылдық округтердегі ардагерлер кеңесінің бастауыш ұйымдары, ақсақалдар алқасы, үкіметтік емес ұйымдар санатындағы "Тоғжан" қоғамдық бірлестігі және "Жалпақтал - Көмек", "Казталов - Жәрдем" қоғамдық қорлары және  17 әжелер ансамблі, 2 жанұялық ансамбль (Бегалиевтер және Қабиевтер) және ардагерлер кеңесінің өкілдері аудандық қоғамдық кеңес және қоғамдық келісім кеңестерінде, жергілікті қауымдастықтарда мүшелік жасаса, ардагерлер арасында арнайы кәсіби және қоғамдық медиаторлар, «Ауылнайлар» құрамында халықпен жұмыс жасауда. Бүгінде аудандық ардагерлер ұйымы құрамында 19 бастауыш ұйымы бар аудандағы ең үлкен қоғамдық ұйым.

Жалпы ардагерлеріміз үшін өткен  жыл табысты, берекелі, жарқын істерге толы  жыл болды деп сеніммен айта аламыз. Халқымызда «Берекені көктен тілеме, Бірлігі мол көптен тіле» деген қағидалы сөз бар. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған істерді орындауда ардагерлеріміздің маңыздылығы жоғары.

Ардагерлерді саяси өмірге қатыстыру, олардың лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы ішкі саясат бөлімі арқылы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 млн. 785 мың теңге бөлініп,  «Казталов аудандық ардагерлер ұйымы» жұмыс жасады. Биылғы жылы 2,5 млн. теңгеге қаржысы ұлғайды.

Жеңістің 80 жылдығы мерекесін тойлауға қатысты мәселелер бойынша өткен  жылдың 6 маусымында аудан әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылды. Іс-шаралар жоспары жасақталып, атқарылған болатын. Сонымен қатар, алдағы істердің еншісінде “Жеңіс”саябағына 1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан майдангер жерлестеріміздің есімдері толықтай электронды түрде енгізілген мемориалдық кешен немесе ескерткіш орнату мәселесі тұр. Биыл сонымен қатар ҚР Конституциясына-30 жыл, ҚР Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл, Кеңес Одағының батырлары Б.Момышұлының – 115 жыл, М.Ғабдуллиннің – 110 жыл,   Ә.Молдағұлованың-100 жыл, Ұлы ақынымыз А.Құнанбайұлының 180 жыл, Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жылдық мерейтойын ел көлемінде атап өту жоспарлануда. Бұл мерейлі даталарға орай аудан көлемінде де бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру көзделуде.

Сонымен қатар ардагерлер бастауыш ұйымдарының рөлін арттыру мақсатында ағымдағы жылы аудандық ардагерлер бастауыш ұйымдары арасында байқау ұйымдастырып, жеңімпаздарға аудандық ардагерлер ұйымының атынан санаторияға жолдама беру жоспарлауда. Жыл сайын ардагерлер арасында өтетін облыстық спартакиаданың аудандық іріктеу кезеңі ұйымдастырылатын болады. Алдағы уақытта аудандық спорт кешеніне ардагерлерге арналған арнайы кесте бекітіліп, ауданымыздағы барлық музейлерге экскурсия  ұйымдастырылады.

Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан 1941-1945 жылдары тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген зейнеткерлерге Жеңіс күніне орай бір реттік әлеуметтік көмек беріледі. Сонымен қатар, санаториялық курорттық емделуге мүгедектігі бар зейнеткерлер өтініш білдіре алады. 2024 жылы 15 зейнеткер өтініш білдіріп, емделу орындарына барып келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау арқылы еліміздің өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да секторларындағы мамандардың маңызын ерекше атап өткен болатын. Бұл - елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Ағымдағы жылда арамызда жүрген еңбек ардагерлерінің ісін дәріптеп, ауданымыздың кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы және өзге де шаруашылықтардың маңыздылығын тұрғындар арасында насихаттауға атсалысуымыз қажет.

Ауылдың аманатын арқалап жүрген ардагерлеріміз тұрғылықты жердегі өзекті деген мәселерін ортаға салып, аудан әкіміне бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Отырыс соңында Болашақ ауылдық округінің еңбек ардагері, батагөй қария Есмағұл Мусинге, Бірік ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы, медицина саласының ардагері Мағзия Қайноллақызына, Қарасу ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Асан Насиұлына шапан жауып, алғысхат табыстады.

 

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале