Сауабы мол Қасиетті Рамазан айында Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берді.
Мешіт асханасында жайылған дастарханға ардагерлер, тұрғындар қатысты.
Дастархан басында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов көпшілікті Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ауыз бекітіп, ораза ұстаған жамағаттың ниеттері қабыл болуы мен ел тыныштығын тіледі.
Шарада аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әли Бектұрғановтар сөз сөйлеп, кәсіпкер Анвар Агаев аудан әкімі Еркебұлан Ихсановқа алғыстарын білдірді.
Қасиетті Рамазан айында бір ай бойы тарауих намазында толық құранды хатым етуге Түркия елінен қари Ибрахим Гөрсел мырза келген болатын.
Шара барысында ауданның бас имамы Ерлан Айтенов мәртебелі мейманды көпшілікке таныстырып, Рамазан айының артықшылығы жайлы айтып берді.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz