Батыс Қазақстан облысында жүргізуші автокөлігімен каналға түсіп кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 31 қазан күні Ақжайық ауданында болды. Сағат 17.00 шамасында 33 жастағы жүргізуші «Фольксваген Гольф-2» автокөлігінің руліне ие бола алмай, Бударин каналына түсіп кеткен. Содан кейін автокөліктен шыға алмай, көз жұмған. Марқұмның денесі судан шығарылып, сот-медициналық сараптама жасау үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жіберілді.
zhaikpress.kz