Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев мен аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов аудандық ішкі істер бөлімінде болып, жеке құрамның қатысуымен жиын өткізді. Басқосу барысында аудан басшысы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ертай Қарағойшиевке мекемеге арналған жаңа автокөліктің кілтін табыс етті.
-Полиция қызметі - өте маңызды әрі жауапкершілік жүгі ауыр жұмыс. Сіздердің арқаңызда аудан халқының тыныштығы мен тұрақтылығы бірқалыпты. Биыл Қазақтан Республикасы Ішкі істер органының құрылғанына 25 жыл толды. Осы жылдар ішінде мемлекет тарапынан сіздердің жұмыстарыңызға қолайлы орта туғызу үшін барлық жағдай жасалып, материалдық-техникалық базаңыз жақсарып келеді. Жуырда аудандық ішкі істер бөлімінің Жәнібек ауылдық округі учаскелік полиция пункті ашылса, бүгін міне жаңа автокөлікті тарту етіп отырмыз. Автокөлік сіздерге қоғамдық қауіпсіздікді қамтамасыз ету бағытында ұзақ қызмет етсін, - деді аудан әкімі. Мұнан соң аудан басшысы А.Сафималиев пен аудандық мәслихат хатшысы Т.Қадимов ғимаратты аралап, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметімен танысты.
Д.ЗЕННАТ
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz