5.07.2023, 16:45
Оқылды: 30

Автотұрақ салынып жатыр

«Сырым елі» газетінің 2021 жылдағы 5 наурыздағы санында «АВТОТҰРАҚ КЕРЕК!» деп мақала жазғанбыз.

IMG_4192

Жымпитыдағы «Балдырған» балабақшасы – балалық шақтың бал мекені, қабырғасы сәби күлкісімен боялған берекелі шаңырақ. Ғимараттың күрделі жөндеуге сұранып тұрғаны – өз алдына бөлек мәселе. Ал балабақшаның алдындағы автотұрақты кеңейтуді қолға алатын уақыт әлдеқашан болған.
Нағыз азан-қазан балабақшаның ауласында емес, сыртында болады. Қазір баласын бақшаға жаяу әкелетіндер аз. Көбі көлігінің тұмсығын таңмен «Балдырғанның» қақпасының алдына тірейді. Кешке тағы сол. Қақпаның алдындағы төрт көлік шақ сиятын аядай автотұрақ кімге жетеді? Таң мен кеште балабақшаға келген көліктер Х.Есенжанов көшесіндегі жолдың іргесіне жайылады. Араларынан бір машина әрең өтеді. Баласын жетектеп, сүйреп бара жатқандардың бірі көліктердің арасына сығылысып жазым бола ма деп зәреміз зәр түбіне кетіп, редакция терезесінен қарап біз отырамыз. Бұл нені меңзейді? «Балдырған» балабақшасының ауласының алдына кең автотұрақ керек – деп жаздық сол мақаламызды. Бұл мәселені аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кезімізді өз бағдарламамызға қосқанбыз.
Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев ұсынысымызға құлақ асып, биыл Х. Есенжанов көшесіндегі «Балдырған» балабақшасының алдына жаңа автотұрақ салуда. Ұзындығы 40 метрге созылатын тұрақтың ел игілігіне жарайтыны анық. Бастысы - балалар қауіпсіздігін сақтауға сеп болар ма дейміз.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым аудандық мәслихат депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале